Халим — араб тілінен шыққан ер адамның есімі. «Халим» сөзі «мейірімді, сабырлы» деген мағынаны білдіреді. Есімнің араб жазуы: حليم.
Халим есімі Алланың 99 есімінің бірімен (әл-Халим — Сабырлы, Мейірімді) байланысты. Бұл есімді алған ер бала мейірімді, төзімді, жұмсақ мінезді, қиын жағдайларда сабырлы болатын адам болады деп сенеді.
Халим есімі Араб елдерінде, Орталық Азияда, Түркияда, Малайзияда, Индонезияда және Қазақстанда қолданылады.