Харун — араб тілінен шыққан ер адамның есімі. «Харун» сөзі «биік тау» деген мағынаны білдіреді. Есімнің араб жазуы: هارون.
Харун есімі Құранда аталған пайғамбардың есімі. Пайғамбар Мұса (а.с.) бауыры Һарон (а.с.) ислам дінінде құрметті тұлға. Ол өз ағасына көмекші болған, халықты дұрыс жолға бастаған адал және парасатты адам болған. Бұл есімді алған ер бала даналыққа ие, адамдарға жол көрсететін және өз отбасына қамқор болатын тұлға болады деп сенеді.
Харун есімі барлық мұсылман елдерінде, христиан және еврей дінінде де (Аарон аты) құрметпен аталады.
Танымал тұлғалар:
- Харун (Һарон) — пайғамбар, Мұса пайғамбардың бауыры
- Харун ар-Рашид — Аббас халифаты дәуіріндегі атақты халиф, «Мың бір түн» ертегілерінің кейіпкері